Ақтауда аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтеді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 20 қазан күні аралас жекпе-жектен NFC16 халықаралық турнирі өтеді. Жарысқа 3 елдің спортшылары қатысады, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

NFC16 халықаралық турнирінде алаңға Әзербайжан мен Өзбекстан және қазақстандық спортшылар шығады.  Жарыс «Батыр» спорт кешенінде өтпек.

Жарыста Тахмаз Ализаде (Әзербайжан) мен Ералы Әбдіров (Жаңаөзен), Сабухи Гулиев (Әзербайжан) пен Серікбай Ходжабаев (Ақтау), Елдор Алимджанов (Өзбекстан) пен Нұрболат Әбу (Ақтау) кездеседі.

Шараның басты жекпе-жегі 93 келі салмақта ақтаулық Абдурахманов Мурад пен атыраулық Жасұлан Хазимов арасында өтеді.

Абдурахманов Мурад Панкратионнан Қазақстан және Азия чемпионы, WMMA Әлем чемпионы, жеке рекорды 4-1-0.

Ал Жасұлан Хазимов Панкратионнан Қазақстан чемпионы, WMMA Азия чемпионы.

Сондай-ақ еліміздің батыс өңірі спортшылары арасында NFCWEST 57 және 77 келі салмақ дәрежесінде Гран При сайыстары өтеді. Кештің арнайы қонағы - FightNightsGlobal халықаралық ұйымының чемпионы ақтөбелік Жалғас Жұмағұлов.

19 қазанда сағат 17:00-де 6 шағынаудан «Жастар орталығында» салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар