Ақтауда алғаш рет триатлоннан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-23 қыркүйекте Ақтауда алғаш рет триатлоннан ел кубогының ақтық сайысы өтеді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы «TEMIRADAМ» кубогінің финалы - Elite (кәсіби) және Age group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін республикалық кубок.

Жарыс мақсаты - елдегі үздіктерді анықтап, қазақстандық кәсіби және әуесқой спортшылардың шеберлігін арттыру, триатлоннан кәсіби бапкерлер мен төрешілерді даярлау, ел аймақтарында триатлонды дамыту және насихаттау.

Бірінші сайыс күні Астана, Алматы, Шымкент пен Қостанай қалаларынан келген кәсіби спортшылар бәсекеге түседі. 

Elite санатындағы және 23 жасқа дейінгі атлеттер «стандарт» қашықтығында жарысады: 1500 м жүзу + 40 км велосипедтік жарыс + 10 км жүгіру.

17 және 19 жасқа дейінгі спортшылар «спринт» қашықтығында сынға түспек: 750 м жүзу + 20 км велосипед жарысы + 5 км жүгіру.

Соңғы жаңалықтар