+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Ақтауда көлігімен адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

2020 жылғы 28 қаңтар 03:14
Бөлісіңіз:
Ақтауда көлігімен адам қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 28 жастағы әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада жаяу жүргіншіні көлік қағу оқиғалары жиілеп кеткен Екібастұзда көлік қаққан 31 жастағы жігіт көз жұмды Алматыда 16 жастағы жасөспірімді басып кеткен автобус жүргізушісі қамалды

Оқиға 12 және 13 шағынауданды байланыстыратын жаяу жүргіншілер жолағында болған. Қазір кінәлі іздестірілуде. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, әйелді жол талғамайтын сұр түсті көлік қаққан.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз хатшысы жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 4 минутта жеткенін айтады. Жәбірленушінің миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған.

«Әйел Маңғыстау облыстық ауруханасының травмотология бөліміне жатқызылды. Тиісті медициналық көмектің бәрі көрсетілуде. Жағдайы тұрақтаған соң үйіне жіберіледі. Дәл қазіргі жағдайы тұрақты»,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT