+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы туралы театрландырылған қойылым өтті

2019 жылғы 11 қазан 14:25
Бөлісіңіз:
Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы туралы  театрландырылған қойылым өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Әбіш Кекілбаевтың атына көше атауы берілді Маңғыстау мектептерінде елуге жуық «Әбіштану» кабинеттері бар

Салтанатты шара шымылдығы айтыскер ақын Мэлс Қосымбевтың Әбіш Кекілбайұлына арнауымен түрілді.


Жазушыға арналған театрландырылған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Қойылымда Әбіштің балалық шағы бейнеленді. Ұйықтап жатқан сәбиге Құдай аян береді.

«Тұр - сенің орның мінбер»-деген сөзден соң оянады. Алланың аманат бұйрығын алған тобанаяқ бала айтқанды орындады. Уақыттың мінберінен мәңгілік орын алды.


Сұлтанбек Құдайбергеннің сценарийін Серік Сариев көрерменге әсерлі жеткізді. Жазушы өмірінің жиынтығын сахналау үшін өнерпаздардың іс-қиымылы экрандағы Бақытжан Бозабаев жасаған бейне үзіктермен үйлестіріліп, Асхат Убайдуллаев ұсынған әуендермен сүйемелденді.


Шараға қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев көсемсөз шеберінің тәуелсіздікті сақтау мақсатындағы еңбегін жоғары бағалап, Елбасының құттықтау хатын оқып берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT