Ақтауда Абай мен Жантөринге ескерткіш қойылмақ

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 55 жылдық мерейтойына орай, қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаев пен Қазақ КСР-нің халық әртісі Нұрмұхан Жантөринге ескеркіш орнатылады. Бұл туралы шаһар басшысы Ғалымжан Ниязов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиын алдында қала әкімі Ғалымжан Ниязов осы жобаны таныстырды. Осыған дейін түрлі дизайнерлер ұсынысын жолдаған. Нәтижесінде, Алматылық мүсіншінің дайындаған эскизі таңдалыпты. Ескеркіш гранит тастан жасалмақ.

Абай ескерткішін ұлы ақын атындағы мәдени-демалыс кешені маңайына орнату туралы ұсыныс енгізілді. Ескерткіштің биіктігі 5 метр, ені 3,4 метр болмақ. 

Ал, Жантөрин ескерткіші облыстағы Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театр алдына қойылады. Қос туындыға бюджеттен қаражат жұмсалмайды. Бұл Ақтау қаласының 55 жылдығына орай жасалған меценаттардың шаһарға тартуы болмақ.

Соңғы жаңалықтар