Ақтауда 9-қабаттан секірмек болған ер адам құтқарылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ер адам 1-шағынаудандағы 9 қабатты үйден секірмек болды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі МО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарламада ер адамның үйдің төбесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсағысы келгені айтылған. Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары оны көндіріп, жерге түсіріп алған. Ол осы үйдің 6-қабатында тұрады екен.

«Анықталғандай, ер адам сүйікті қызымен ұрысысып қалған. Сондықтан осындай әрекетпен, көңілін аудармақ болыпты» делінген хабарламада.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар