Ақтауда 9-қабаттан секірген қызды төмендегі көршісі қағып алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда тұрғын үйдің 9-ыншы қабатында асылып тұрған қыз құтқарылды. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Оқиға 28-інші шағын аудандағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«Қыздың жасы шамамен 18-де. Бойжеткеннің секіріп кеткісі келгенін көрген көршісі, оны құтқарып қалды. 30 қыркүйек күні болған жағдай», - деп айтып берді оқиға куәгері.

Айта кетейік, оқиғаның өзге мән-жайлары белгісіз.

Видеодан төмен құламақ болып, қолын босатқан қызды астыңғы қабаттың балконында тұрған адамның қағып алғанын көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар