Ақтауда 75 жастағы кейуана пәтерінен ес-түссіз күйде табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда төтенше жағдай департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлері 75 жастағы кейуананы өз пәтерінен ес-түссіз күйде тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған оқиға 3-шағынауданда болған. Ең алдымен оқиға орнына полицейлер келген.

«Құтқарушылар терезенің торын арнайы құралдармен сындырып, ашқан. Терезе арқылы пәтерге кіріп, есікті ашқан. 75 жастағы пәтер иесінің ес-түссіз жатқаны анықталды» деп хабарлады басқармадан.

Әзірге не болғаны белгісіз.

Әжейді медицина қызметкерлері алып кетті.


Соңғы жаңалықтар