Ақтауда 7 қабаттан құлаған әйел ажал құшты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 33 жастағы әйел 7-қабаттан құлап, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Төтенше жағдай Ақтау қаласы 14 мөлтекаудандағы 33 үйде болған. Қалалық жедел жәрдем және жедел медициналық көмек станциясына қоңырау бүгін түнде, жергілікті уақытпен сағат 01:24-те түсті. Келген бригада оның сол жерде қаза тапқанын растады.

«1984 жылғы жас әйел 7-қабаттан құлап, көз жұмды. Құлауы салдарынан көп жарақат алған. Төтенше жағдай себебін айта алмаймын», - деді Ақтау қалалық жедел жәрдем және жедел медициналық көмек станциясының директоры Болат Тайшыбаев. 

Соңғы жаңалықтар