Ақтауда 6 метрлік эласмозаврдың қаңқасы жұрт назарына ұсынылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Ежелгі Тетис құпиялары» палеонтологиялық көрмесінің басты экспонаты - ежелгі Тетис мұхитының түбінде өмір сүрген бауырымен жорғалаушы - эласмозаврдың қайта құрастырылған қаңқа сүйегі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде көне дәуірде тіршілік еткен жануарлардың тасқа айналған қазба қалдықтары көрсетілді. Онда дельфиннің тасқа айналған сүйектері, плезиозаврдың жақ сүйегі, тасбақа қаңқасының бөлшектері, ихтиозавр мен акулалардың тістері және басқа да жәдігерлер орналасқан.

«6 метрлік эласмозаврдың толық қаңқасын қайта қалпына келтіру жұмыстарына 4 ай уақыт кетті. Палеонтологтар 850 миллион жыл бұрын тіршілік еткен жануардың мойын омыртқасын ғана тапқан еді

Қаңқа туралы толық мәліметті алып, зерттеп-зерделеп жұмысқа кірістік. Нәтижесі көз алдарыңызда тұр», - дейді суретші-реставратор Алина Бисембаева.


Соңғы жаңалықтар