Ақтауда 24 жастағы жігіт теңізге батып кетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы тұсындағы теңіз жағалауында 24 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 8 маусым күні болған. Шақырту сағат 20-40 шамасында түскен.

1995 жылы жылы туған азаматтың денесін құтқарушылар келгенше жағалауда жүрген адамдар шығарып алған. Оның артында отбасы мен 5 айлық сәбиі қалған.

Соңғы жаңалықтар