Ақтауда 21 жастағы сарбаздың өліміне себепші болған әскери қызметшілер сотталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау әскери соты бес әскери қызметшіге үкім оқыды. Олар сарбаз Бақытбек Мырзамбековтің өліміне және екі әскери қызметшінің соққыға жығылуына айыпты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz-ке сілтеме жасап. 

21 жастағы шекарашы 2018 жылдың 15 шілдесінде «Үстірт» заставасында жаттығуларды орындау кезінде денесінің шамадан тыс қызып кетуі салдарынан қаза тапқан. Оны әскерилер 30 градустық ыстықта жаттығу жасауға мәжбүрлеген.

«Үстірт» шекара заставасының командирі және командирінің орынбасары, сондай-ақ техникалық бекеттің бастығы, тағы екі офицер түрлі мерзімге жабылды.

№2018 әскери бөлімшенің «Үстірт» шекаралық заставасының бастығы, 29 жастағы Бағлан Мұсабаев ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның орынбасары, 23 жастағы Нұрбол Садабаев, техникалық бекеттің бастығы 27 жастағы Нұрлан Ыдрышев ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 2-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостындығынан айырылды. Тергеу нұсқасына сүйенсек, әскерлерді екі сағат бойы аптап ыстықта жаттығуға мәжбүрлеген - осылар. Бақытбек Мырзамбеков сұлап түскен кезде, орнынан тұрып, жаттығуды жалғастыруға мәжбүрлеген.

Осы бөлімшенің тағы екі әскери қызметшісі Жасұлан Әбікенов пен Нұрлан Әлмұхан ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 3-бөлігінің 1, 2-тармақтарына сәйкес айыпты деп танылып, 4 жылға кесілді.

Нұрлан Әлмұханның әскерлерді ұрып-соқпағаны дәлелденгендіктен, ол шартты түрде сотталды.

Сотталғандардың әрқайсысы қайтыс болған сарбаздың отбасына моральдық өтемақы ретінде 1,5 миллион теңге, оған қосымша барлығы ынтымақтаса тағы да 2 миллион теңге төлейді.

21 жастағы Бақытбек Мырзамбеков әскер қатарына биыл сәуірде Қарағандыдан шақырылған. Ол отбасындағы ең кенже ұл болған. Шақырудың алдында ғана Қарағанды политехника колледжін бітірген болатын, әскерден келген соң құтқарушы болуды армандайтын. Б. Мырзамбеков әскерге өз еркімен барған. 

Соңғы жаңалықтар