Ақтауда 20 шақты шағынаудан ауыз сусыз отыр

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының жоғарғы бөлігіндегі шағынаудандарда ауыз су беру уақытша тоқтатылды. Бұл жайында «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Каспий жылу, су арнасы» мемлкеттік коммуналдық кәсіпорынының хабарлауынша, судың уақытша тоқтатылуына магистральдық ауыз су құбырының екпіні себеп болып отыр.

«Магистральдық ауыз су құбырының екпініне байланысты 16, 17, 18, 18а, 19, 20, 39, 40, 41, 44, 45 27, 30, 31, 31а, 31б, 32, 32а, 32б, 33, 34, 34а, 35 шағынаудандар мен Шығыс-1, 2, 3-те ауыз су беру уақытша тоқтатылды» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Қазір судың екпіні баяу жерлер анықталып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар