Ақтауда 2 мың адамға арналған драма театр бой көтереді
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында 2 мың адамға арналған жаңа драма театр бой көтереді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әбіш Кекілбайұлы атындағы облыстық өлкетану музейінің жаңа ғимараты салынып жатқаны белгілі. Қарсы бетінде Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана бой көтергелі жатыр. Екі ғимараттың ортасынан біздің театрдың жаңа ғимараты да салынғалы жатыр. Қазіргі уақытты жобасы жасақталуда», - деді Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов.
Мәлім болғандай, театрдың үш залы болады. Олардың бірі – 2 мың, екіншісі – 320 және үшінші – эксперименталды залы 120 орынға есептелген.
Эксперименталды залда көрермендердің қатысуымен ойналатын спектакльдер сахналанбақ. «Бізде де ондай спектальдер қойылды. Бүгінгі емес, ертеңгі көрермендерді қанағаттандыратын үлкен ғимарат болады. Сондай-ақ тек музей, кітапхана, сахна емес, барлық қала тұрғындары демалатын үлкен демалыс орнына айналады деп ойлаймын», - Н.Мұханов.
- Жаңаөзенде екі адам газдан уланып көз жұмды
- Мақпал Мыса: «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болғанда әдебиет үшін қуандым
- Көкшетауда «Жемісті жылдар» альбом-кітабының таныстырылымы өтті
- Наурыз айында ел аумағында қандай мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады
-
Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды
-
«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам