Ақтауда 18 жастағы жігіт бір уақытта 3 адамды тонап кеткен

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда 18 жастағы жігіт бір уақытта 3 адамды тонап кеткен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күдікті 26 қаңтарда сағат 18:10 шамасында 7-шағын аудандағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, сатушыдан ақша талап еткен. Одан соң екі азаматшаның қол сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен», - делінген баспасөз мәліметінде.

Аталған дерек Ақтау қаласы Полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар