Ақтауда 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған

Фото: Видеодан алынған кадр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

22 мамыр күні полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27-шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барды.

«Шатырға көтерілген полицейлер 17 жастағы қызға төменге секіруге жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды», - деп жазды ведомстводан.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар