Ақтауда 150 адам кешеден бері Анталияға ұша алмай отыр

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ұшақтың бұзылуы салдарынан 140-тан астам адам Ақтаудан Анталияға ұша алмай отыр. Бұл туралы Sunkar Air әуе компаниясына сілтеме жасап lada.kz хабарлады.

Кесте бойынша Sunkar Air әуе компаниясының рейсі Ақтаудан Анталияға кеше, таңертең 07:00-де ұшуы тиіс болған. Жолаушылардың ұшақты күтіп отырғанына бір тәуліктен асты.

«Әуе компаниясы рейсті бірнеше рет кейінге қалдырды. Бізге компания өкілдерінің келмей жатқаны ызаландырып жатыр. Жағдайды ешкім түсіндіре алмайды, ұшамыз ба, жоқ па - ешкім айта алмайды. Біз әуежайда құр босқа отырмыз. Мұнда 150 адам бар, соның 40-ы балалар», - дейді жолаушылардың бірі.

Sunkar Air әуе компаниясының директоры Талғат Жолдыбаевтың айтуынша, рейс техникалық себеппен кешігіп жатыр.

«Жексенбі күні Ақтауға келген ұшақтың бортындағы компьютер бұзылған. Біз оған жылдам тапсырыс бердік. Оны Ақтауға кешкісін жеткізді. Бірақ оның өзінде де ақауы бар болып шықты. Екінші деталь бүгін түнде жетеді. Бірақ жолашыларды Алматыдан Малеге баратын басқа ұшақпен жеткізуге шешім қабылдадық. Жолаушылар Анталияға бүгін, 22:00-де сол ұшақпен ұшады. Оларға өтемақы төлейміз. Анталия қонақүйлеріндегі қосымша бір күнінің ақысын төлеп береміз. Жолаушыларды келесі апта сейсенбі күні емес, сәрсенбіде алып қайтамыз. Олар ештеңе жоғалтпайды, біздің компания мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отыр», - дейді Талғат Жолдыбаев.

Соңғы жаңалықтар