+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Ақтауда 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды

2019 жылғы 23 қыркүйек 15:35
Бөлісіңіз:
Ақтауда 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда музей түні шарасы аясында осыдан 113 млн жыл бұрын өмір сүрген ихтиозаврдың қаңқасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-дағы Қызыл оба қонысында қазба жұмыстары басталады Бердібек Сапарбаев: Көне Тараз тарихын танытуда кешенді шаралар атқарылуы тиіс Қызылордада көне қалашық туралы көрме ұйымдастырылды

Су жануарының сүйегі маусым айында Маңғыстау ауданынан табылған. Ол бұрын Тетис мұхитында өмір сүрген.

Су жануарының қаңқасын маусым айында Маңғыстау ауданы, «Сулықапы» шатқалынан әуесқой палеонтолог Владимир Ярцев тапқан. Маусым айында Маңғыстау облыстық музей қызметкерлері, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің мамандары Ресейден келген палеонтолог, ихтиозавр жөніндегі маман В. М. Ефимовтың қатысуымен құмды алқаптағы сүйек қалдықтарын қазып алу жұмыстарын жүргізген.

Табылған қалдықтар музеймен келісім бойынша Орал қаласына 3 ай мерзім ішінде препараттауға жіберілген.

«Оралда палеонтолог Жәмила Жақыпова сүйектерді арнайы қоспалармен өңдеп, табылған бөлшектердің әрбірінің гипстелген көшірмесін жасап шықты. Осылайша, ежелгі тіршілік иесінің екі көшірмесі жасалды, бірі – музейге, бірі – университетке қалдырылды», - дейді табиғат бөлімінің маманы Дариға Аманиязова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ләйлім Әлім

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT