Ақтауда 11 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат ақшалай көмек алады

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда мүмкіндігі шектеулі 11 мың 77 адамға бірреттік әлеуметтік көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 900 теңге көлеміндегі біржолғы көмек I, II, III топтағы мүгедектігі бар азаматтарға беріледі. Қаражат әртүрлі банк және Қазпошта шоттары арқылы түседі. Бүгіннен бастап оларды базаға тіркеу жұмыстары басталмақ.

«Базаға тіркеу және тексеру жұмыстары жүргізіледі. Өйткені қайтыс болған, көшіп кеткен және көшіп келген адамдар болуы мүмкін. Төлем барлығына әртүрлі банк шоттары мен Қазпошта арқылы түсірілетін болады», - дейді Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Алия Тоғызбаева.

Айта кетейік, атаулы бірреттік әлеуметтік көмек қазан айының екінші жексенбісіне белгіленген - Мүгедектігі бар жандар күніне орай беріледі.


Соңғы жаңалықтар