Ақтауда 100-ге жуық көпқабатты үйге 3D суреттер салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласының 55 жылдығына орай, шаһар келбеті көркейе түспек. Атап айтқанда, көпқабатты 97 тұрғын үйдің сырты боялып, 3D суреттер салынады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында Ақтау қалалық  сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы мәлімдеді.

Ертегідегі кейіпкерлер, анимациялық фильм қаһармандары, табиғаттың әсем көрінісі - осының бәрі жуырда қаладағы 97 үйдің қабырғасында бейнеленеді. Жоба авторларының айтуынша, ерекше суреттерді 4 елден келген қылқалам шеберлері салады. ¤

«Қазақстан, Қырғызстан, Украина, Ресей елінен street-art суретшілер келіп, 10 күн бойы салады. Жұмыстар шілде айында басталады. Әр суреттің 10 жылға кепілдігі бар», - дейді  Ақтау қалалық  сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы Далер Нурулаев. 
null 

4-шағын ауданнан бастап «Самал» шағын ауданына дейінгі үйлер таңдап алынған. Суреттердің эскизі суретшілерге алдын ала жіберілген. Арнайы бояулары да алынған.

«Маңғыстау облысының табиғаты топырақты, ыстық жел соғып тұрады. Баннерлер шыдамайды. Өңі кетеді немесе құрғап қалады. Сондықтан осындай суреттер салу тиімді деп ойлаймыз. Бастама «Ақтау серпіні» жоба аясында іске асады», - дейді ол. 

Бірегей бастама өңір қазынасына шығын әкелмейді. Кәсіпкерлер қолдап, серіктестіктер қаражат бөледі. Жұмыс құрылыс компанияларының есебінен атқарылады. Қалаға қолдау көрсету бойынша тиісті хаттар 40 компанияға жолданды.  ¤Қазіргі кезде 24 мекеме сырлау-бояу жұмыстарын бастауға даяр.

null  

 

 

Соңғы жаңалықтар