Ақтауда 1 жасар сәбиден коронавирус анықталды

None
None
АҚТАУ. Қазақпарат – Ақтауда 2019 жылы туған сәбиден коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол осыған дейін вирусты жұқтырған науқастың ұлы.

Облыстық қоғамдық коммуникация орталығынан хабарлағандай, қауіпті дерт анықталған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар