Ақтауда 1,5 жасар баланың өңешіне тұрып қалған тиын алынды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бір жарым жасар баланың өңешінен 10 теңгелік тиын алынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 сәуір күні облыстық ауруxананың қабылдау бөліміне бір жарым жасар бала келіп түсті. Бүлдіршіннің тыныс алуы қиындап, жөтеле берген. Дәрігерлер дереу рентгенге түсіріп, баланың ішінде бөгде заттың барын анықтайды.

Дәрігер Насуxан Отарғазиев дереу отасыз «Катетер фолея» аппаратын қолданып, тиынды баланың ішінен шығарып алады.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің xабарлауынша, қазір баланың жағдайы бірқалыпты.

Соңғы жаңалықтар