Ақтау тұрғыны автотұрақтағы көлікті өртеп жіберген

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау тұрғыны автотұрақтағы көліктің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен қасақана өртеп жіберген,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған қатысты ҚР ҚК 202-бабының (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) 2-бөлігінің 1), 5) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалған.

Бүгін сот шешімі шықты.

«Сотталушы Р., Ақтау қаласы 21-шағын ауданындағы автотұрақта бола тұра бөтеннің мүлкін қасақана жойып, бүлдіру арқылы, ірі көлемде залал келтіріп, автотұрақта тұрған жәбірленушінің «Митсубиси Л200» автокөлігінің ішіне спирт құйып, тұтатылған темекімен өрт қойған. Нәтижесінде, автокөлік өртеніп, жәбірленушіге 4 030 882 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген»,-делінген хабарламада.

Сот үкімімен Р. ҚР ҚК-нің 202-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар