Ақтау тұрғындарына қосымша 4 мың текше метр су беріледі

None
Фото: Өңірлік коммуникация орталығы
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) булану құрылғысындағы жылу алмасу құбырлары ауыстырылып жатыр. Жөндеу жұмыстарынан кейін Ақтау тұрғындары тәулігіне қосымша 4 мың текше метр көлемде ауызсумен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтағы тұшыту қондырғысы 1989 жылы пайдалануға берілген. Қондырғының ескіргендігінен қалаға қосымша су беруде біраз қиындық туындаған. Мәселені шешу мақсатында Маңғыстау облысы әкімдігінің резервінен «МАЭК» ЖШС-ға 2,6 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

«Жылыту камерасы – бұл тұшыту қондырғысының негізгі бөліктерінің бірі. 34 жыл бойы іркіліссіз қызмет еткен жылу алмасу түтіктерінің ішінде қақ пайда болғандықтан жөндеу, тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта камерада 3164 түтік бар, салмағы 32 тоннаны құрайды. Бөлінген қаржыға барлығы 78 тонна 740 келі түтік сатып алынды. Бұл екі жылыту камерасы мен екі жылытқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, - дейді

«МАЭК» ЖШС дистиллят өндірісі және өндірістік жылумен жабдықтау зауытының бас инженері Денис Саморуков.



Соңғы жаңалықтар