Ақтау тұрғындары теңізде катамаранмен саяхат жасай алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамыз айының соңында Ақтау тұрғындары мен қонақтарына теңізде катамарандармен серуендейтін мүмкіндік туады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

40 адамға арналған саяхат турларының міну аялдамасы - 14А шағын ауданынан басталмақ. Қазіргі уақытта 14А шағын ауданындағы «I love Aktau» жазуы бар алаң жанынан катамаранның жаңа айлағы салынып жатыр.

Кәсіпкер Сергей Ворожейкиннің айтуынша, катамаран тайландтық жобамен Ресейдің Астрахань қаласында  жасалған.  Олардың саны үшеу: «Натали», «Лагуна»  және «Оазис». «Натали» мен «Лагуна» турлар үшін қолданылса, «Оазис» жеке тапсырыс берушілерге арналған.

«Билеттің құны 1 000 теңге деп белгіленді. Бұл қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді», - дейді «ГУНА-Актау» ЖШС басшысы Наталья Ворожейкина.

Айта кетейік, Каспий теңізіндегі серуен 1 сағатқа созылады.

«Жобамыз өткен жылы туризм саласындағы «Саяхат» бағдарламасы аясында 80 миллион теңгеге қаржыландырылды. Біз «Даму» қорынан 7,8% жылдық мөлшерлемемен несие алып отырмыз. Катамаранға жолаушы өзімен бірге сусын, тағам алып кіре алады. Отырып тамақтану үшін арнайы үстел, орындықтар қарастырылған», - дейді Сергей Ворожейкин.

Серуендеу турлары жыл сайын мамыр айының басынан қазанның ортасына дейін жалғасады. Ауа райына байланысты турлар маусымы өзгеруі мүмкін. 

Айгүл Дәден

Соңғы жаңалықтар