Ақтау теңіз-сауда порты ЕҚЫҰ-ның «Жасыл порт» сертификатын алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – «Ақтау теңіз сауда порты» Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) «EcoPorts Pers» сертификатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

«Порттардың экологиялық сараптама жүйесіндегі» жасыл порт сертификаты біздің халықаралық және еуропалық деңгейде жұмыс жасай алатынымызды көрсетеді. Ақтау сауда порты экологиялық, жұмыс процесі барысындағы қауіпсіздік стандарттарына толық жауап береді. Бұл өз кезегінде біздің тұтынушылар алдында барлық талаптарға сәйкес келетін, жоғары сапалы қызмет көрсететін порт екенімізді білдіреді», - деді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының төрағасы Абай Түркпенбаев.

Халықаралық сертификатты табыстау шарасына ЕҚЫҰ-ның Еуропадан келген делегациясы мен осы ұйымның энергетикалық қауіпсіздік саласындағы бағдарламалар жөніндегі аға қызметкері Дэниел Кросс, ЕҚЫҰ хатшылығы, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров қатысты.

Қатысушылар Ақтау портының алдағы уақытта Еуразияның логистикалық және сауда орталығына айналуға мүмкіндік ашқанын, ірі порттармен ынтымақтасуға болатынын атап өтті.


Соңғы жаңалықтар