«Ақтау теңіз порты» АЭА-ның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ж.Доржиғұлованы ұстады.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ж.Доржиғұлова қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, облыстық МКД-нің лауазымды тұлғаларымен алдын ала келісу, жалған салықтық тексеруді өткізу жолымен «Wegatrade Petrolium» ЖШС-нің пайдасына бюджеттен 447 млн. теңгеден астам аса ірі соманы құрайтын қосылған құн салығының заңсыз қайтарылуын жүзеге асырғаны анықталды.

Ж.Доржиғұлова Атырау қаласының уақытша оқшаулағышына қамалды.

Сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар