Ақтау теңіз айлағында 2 қосалқы аймақ салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында 2 қосалқы аймақ салынады. Маңғыстау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында осындай жоба қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.

«Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарының жобасы аясында министрлік жалпы сомасы 257,5 млрд теңге болатын 16 іс-шараға жауапты. Өңірді өнеркәсіптік дамыту үшін кешенді жоспарда «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында №2 және №4 қосалқы аймақ құрылысын бастау ұсынылады», - деді ведомство басшысы

Оның айтуынша, бұл мақсатқа 2023-2025 жылдар аралығында 9,6 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

«Қосалқы аймақтардың инфрақұрылымын аяқтауына 327 млрд теңге сомасына инвестициялар тарта отырып, 1200 жұмыс орнын құра отырып, жобалармен толықтыруға мүмкіндік береді. Жобаларды іске асыру өңір экономикасын әртараптандырып, қосымша жұмыс орындарын ашады. Бюджетке түсетін түсімді арттырып, мультипликативтік әсерін тигізеді. Осылайша, 1 теңге бюджеттік инвестицияға 13,1 теңге жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар