Ақтау студенттеріне ТЖ кезінде аман қалу амалдары үйретілді

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда студенттер мен мектеп оқушылары интерактивтік сабақ кезеңін аяқтады. Бұл сабақтар әртүрлі ТЖ кезінде арнайы дайындық әрекеттеріне бағытталған. Қазіргі таңда түрлі жастағы 24 мыңнан астам білім алушы аталмыш курстан өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ТЖ департаменті мектеп оқушыларына арналған интерактивтік сабақтарды 2009 жылдан бері 7 жыл қатарынан өткізіп келеді. Бір жылда түрлі мектептердегі 24 мың 355 мектеп оқушысына өткізілді. Ал, студенттерге арналған арнайы дайындықтар биыл алғаш рет болды.

«Сабақтарды Маңғыстау облыстық ТЖД қызметшілері, Апаттық медицина орталығының мамандары жүргізді. Мультимедиялық құралдар, медициналық оқу манекендері қолданылды. Білім алушылар алғашқы медициналық көмек беруді үйренді. Жер сілкінісі, мұзда және суда өздерін қалай ұстау керектігін ұғынды», - деп айтты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Гүлнара Қожабекова.

Ол курстың басты мақсаты тек қана үйретіп, ақпарат беріп қана қоймай, коммуникативтік қабілеттерін арттырып, алған білімдерін пайдалануға бағытталғанын атап өтті. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің 85 студенті курсты меңгерген. Келесі жылы студенттермен жұмыс жалғасын табады.

null  

Соңғы жаңалықтар