Ақтау саммитіне арналған баспасөз орталығы жұмысын бастады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне орай 400-ден астам орынға лайықталған баспасөз орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл орталық Саммит өтетін «Достық үйіне» қарама-қарсы орналасқан Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің спорт кешенінде жасақталды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан тарапынан 150-ден астам, ал шетелден 200-ден артық тілшілер Ақтау саммитіне тіркеуден өткен. 

Атап айтқанда, қазіргі сәтте баспасөз орталығына Каспий маңы елдері құрамындағы Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан елдерінің ірі бұқаралық ақпарат құралдары жиналды.

Сонымен Ақтау саммитінен ақпарат тарату үшін шаһарға Еуропа мен араб елдерінің, АҚШ-тың, Қытайдың беделді телеарналары, ақпарат агенттігі өкілдері келді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін көршілес елдердің президенттері Ақтауға келді. 

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар