Ақтау саммитінде бес елдің ведомстволары бірқатар құжаттарды бекітті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитінде бес елдің арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен, Каспий теңізінде лаңкестікпен күрес саласында ынтымақтастық туралы хаттама бекітілді. Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбрірахманов қол қойды.

Екінші құжатты, яғни Каспий теңізінде ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бес елдің ішкі істер министрлері бекітті. 

Мұнымен қоса, бес елдің өкілдері Шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қол қойды. 
Бұдан бөлек, Саммит аясында Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасалды. 

Қол қойылған келесі келісім Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласы бойынша ынтымақтастыққа арналды. 
Сонымен қатар, Каспий теңізінде жанжалдарды болдырмау жөніндегі келісім бекітілді. Осы құжатқа Қазақстан жағынан ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қол қойды. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақтау саммитіне қатысқан бес елдің басшылары Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойды.  

Соңғы жаңалықтар