Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Ақтау саммиті: Қазақстанға Иран мен Әзербайжан президенттері келді

2018 жылғы 12 тамыз 10:32 130
Бөлісіңіз:
Ақтау саммиті: Қазақстанға Иран мен Әзербайжан президенттері келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммитіне қатысу үшін көршілес елдердің президенттері Ақтауға сапармен келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақтау әуежайына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мінген ұшақ бірінші болып қонды. Оны Қазақстан жағынан Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарсы алды. Одан кейін Ақтау саммитіне Иран Президенті Хасан Рухани бастаған делегация келді. 

Айта кетейік, түске дейін Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов келеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауға саммит қарсаңында келіп, өңірдегі бірқатар маңызды нысандарды аралап көрді. 

Ақтау саммиті шаһардағы «Достық үйінде» өтеді деп күтілуде. Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды. 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT