Ақтау саммиті: Арнайы жұмыс тобының жиыны өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ақтау қаласында Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) қорытынды 52-ші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздерге Әзербайжан Респубикасы (жетекшісі - Х.А.Халафов), Иран Ислам Республикасы (жетекшісі - Р. Назар Ахари), Қазақстан Республикасы (жетекшісі - З.A.Аманжолова), Ресей Федерациясы (жетекшісі - И.Б.Братчиков) және Түрікменстанның (жетекшісі - М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты.

АЖТ отырысында тараптар Бесінші Каспий саммитінің құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің күн тәртібін талқылады және келістірді.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша келіссөздердің аяқталуына орай, тараптар бірлескен ұзақ мерзімді жұмыс нәтижелерін зор қанағатпен атап өтті.

Делегациялар орын алған келіссөздердің нәтижелеріне оң баға беріп, қорытынды кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасына өз ризашылығын білдірді.

nullnull

Соңғы жаңалықтар