Ақтау портында Ираннан әкелінген контрабандалық темекі табылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Иран Ислам Республикасынан контрабандалық жолмен әкелінген темекі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл жөнінде Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Департамент қызметкерлері облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп, Ақтау халықаралық теңіз сауда портының аумағынан 12 контейнерге тиелген, құны 1,1 млрд теңгені құрайтын заңсыз темекі тауарын тапқан болатын. Бұл жөнінде кеден органдарына хабарланбаған.

«Мамандардың есебінше, тиісті кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы - 1,8 млрд теңге. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жіберілді» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар