+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Ақтау портына Иран Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемелері келді

2019 жылғы 25 сәуір 11:16
Бөлісіңіз:
Ақтау портына Иран Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемелері келді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Екіжақты әскери ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ақтау портына Иран Ислам Республикасының Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемелері келіп жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ирандық «Джушан» және «Сепар» кемелерінің жолдағы қашықтығы шамамен 450 теңіз милін құраған. Оларды Ақтау теңіз портында ҚР Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесі қарсы алды.
null

Хаттамаға сәйкес, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері мен Иран Ислам Республикасы Армиясының Әскери-теңіз күштері арасында кемелердің өзара сапар алмасуы, сондай-ақ кеме экипаждарының экскурсиялары қарастырылған.

Тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында спорттың әр түрі бойынша жарыстар өткізілетін болады. Сондай-ақ Иран Әскери-теңіз күштерінің экипажы Ақтаудың көрікті жерлері мен мәдени объектілерін аралайтыны жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР Әскери-теңіз күштерінің «Сары-Арқа» және «Орал» зымырандық-артиллериялық кемелері Иран Ислам Республикасының Бендер-Энзели портына барды.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT