Ақтау портын кеңейту құрғақ жүк тасымалын 4 есеге арттырады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аяқталуға жақындады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев мәлім етті.

«Жүктелген мақсаттарды орындау аясында биыл бірқатар жобалар аяқталады. Мәселен, Астана мен Шымкентте салынған көліктік-логистикалық орталықтар пайдалануға беруге дайын, сондай-ақ Ақтау портын кеңейту жұмыстарын қамтып отырмыз. Бұл өз кезегінде құрғақ жүктердің тасымалын 4 есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деді С.Елубаев.

«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты стратегиялық маңызға ие екеніне тоқталған ол, бұл нысан бірінші кезекте логистикалық, индустриалдық операциялар үшін құрылып жатқандығын және ол транзиттік қызметтермен қатар, Кеден одағы елдері үшін логистикалық операцияларға бағытталатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар