Ақтау полицейлері ауруханадағы өртті сөндіріп, іштегілерді эвакуациялады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміндегі өртті сөндіріп, іштегі науқастарды сыртқа шығаруға көмектескен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальоні қызметкерлері 7 наурызда сағат 23:20-да Маңғыстау облыстық ауруханасына адам жеткізген.

«Осы кезде олар қабылдау бөлімінің ішінен жарылыс болғанын естіген. Сол кезде іштегі адамдар арасында дүрбелең пайда болған. Алайда полиция лейтенанттары - Н.Әзімхан, Ж.Ниязбеков еш сасқалақтамай не болғанын қарау үшін ғимаратқа кірген. Іште жалынды көрген соң адамдарды құтқару үшін сыртқа шығаруға кірісіп, бірден өрт сөндірушілерге және рота командиріне хабарлап үлгерген», делінген блыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме таратқан хабарламада.


Рота командирі Н.Қожбанов пен аға лейтенант Е.Раманқұлов оларға жедел көмекке келіп жеткен. Қызметкерлер өрт сөндірушілердің келуін күтпестен өз күшімен өртті сөндіруге кіріскен.

«Төртеуі медицина қызметкерлеріне жәрдемдесіп қабылдау бөліміндегі барлық науқасты сыртқа шығарған. Полиция қызметкерлері өрт сөндірушілер келіп жеткенше жалынды сөндірді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді», делінген хабарламада.

Фото/tumba.kz


Соңғы жаңалықтар