Ақтау мен Ыстанбұл арасын жаңа әуе рейсі жалғайды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 23 шілдеден бастап Ыстанбұл-Ақтау-Ыстанбұл бағыты бойынша жаңа рейс іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов Түркияның Қазақстандағы Төтенше, және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи, Түркияның Ақтаудағы бас консулы Музаффер Акйылдырым және Türkısh airlines компаниясы филиалының директоры Хасан Саваш Ерден қатысты.

Ақтау қаласы Каспий жағалауы мен оның айналасындағы көрікті жерлердің әсемдігін көргісі келетін туристерді шақыра отырып, сондай-ақ әлемдік бизнес қауымдастықты инфрақұрылымға инвестиция салуға тартады.

«Соңғы 10-15 жылда Маңғыстау облысы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды аймақтардың бірі болды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы - бұл елдің туристік әлеуетін дамытудың негізгі бағыты. Алға қойылған мақсаттарға жету және экономика деңгейін көтеру үшін облыстың көлік әлеуетін дамыту қажет. Ұзақ қашықтық, жылдамдық, қамтамасыз етілген жайлылық және басқа да факторлар, ең алдымен әуе көлігінің дамуына ықпал етеді. Маңғыстау облысының географиялық орналасуы одан әрі интермодальдық тасымалдау жүйесінің дамуына ықпал етеді (көліктің барлық түрлерінің болуы: авиация, теңіз, теміржол, автомобиль жолдары)»,- деп атап өтті аймақ басшысы С.Трұмов.

Ақтау әуежайынан ішкі рейстердің транзиттік жолаушыларының (Атырау, Шымкент, Кокшетау, Орал, Ақтөбе) Мәскеу, Ыстанбұл, Баку арқылы кез келген жерге жетуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Ақтау әуежайы Каспий маңындағы қалалармен, Кавказбен, Грузиямен, Армениямен тығыз байланысқа ие. Жаңадан ашылып отырған рейс арқылы Маңғыстау тұрғындары ежелгі тарихы бар Ыстанбұл қаласына саяхат жасай алады.

«Ыстанбұл-Ақтау-Ыстанбұл» бағыты бойынша жаңа рейс «Turkish Airlines авиакомпаниясының A320 Neo әуе кемесімен 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап аптасына екі рет, сейсенбі және жұма күндері ұшады.


Соңғы жаңалықтар