Ақтау мен Баку арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат - 18 ақпанда Баку-Ақтау-Баку бағыты бойынша тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, Бакуден Ақтауға рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Бұл ретте рейстерге COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген ағымдағы шектеулер бойынша ұшуға рұқсат етілген жолаушылар санаттары ғана қабылданады. Ақтаудан Бакуге ұшқан кезде COVID-19-ға тестілеуді ПТР тестілеу арқылы талдау жүргізетін кез келген аккредиттелген клиникада немесе зертханада жүргізуге болады. Сертификатта оның түпнұсқалығын растайтын QR коды болуы тиіс. Бұл әуежайдағы ресми рәсімдерді жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанға сапар шеккен барлық жолаушыларда ПТР сынамасының теріс нәтижесі (72 сағат жарамды) сертификаты болуы керек. Алайда, Қазақстан азаматтары мен тұрғындарына және Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушыларға толық вакцинация төлқұжатын көрсеткен жағдайда ПТР талап етілмейді.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Әзербайжан арасында өткен жылдың 7 қарашасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған тұста ашылған Алматы-Баку-Алматы бағыты бойынша бейсенбі және жексенбі күндері тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.


Соңғы жаңалықтар