Ақтау мен Астанада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген қалаларындағы метеорологиялық жағдай 2 тамыз күні қолайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай немесе ауаны ластаушы заттар болмайды.

Ақтау мен Астанада жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаны ластауға ықпал етеді.

Қарағандыда метеожағдайлар қаланың атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар