Ақтау мен Астанада ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 22 қаңтар күні метеорологиялық жағдайлар еліміздің екі қаласының атмосферасында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, метеорологиялық жағдайлар Ақтау және Астана қалаларында ауаға зиянды заттар шоғырлануына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар