+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Ақтау-Мәскеу ұшағы Волгоград әуежайына шұғыл қонды

2015 жылғы 11 қараша 18:16
Бөлісіңіз:
 Ақтау-Мәскеу ұшағы Волгоград әуежайына шұғыл қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 қарашада, Волгоградта Қазақстаннан ұшқан ұшақ шұғыл түрде қонды, деп хабарлады runews24.ru.

Волгоград әуежайы баспасөз қызметінің ақпаратынша, сәрсенбіде шамамен сағат 06.00 «Аэрофлот» компаниясының Airbus A320 ұшағы Гумракта шұғыл түрде қонды. Әуе кемесі Ақтау-Мәскеу бағытында ұшқан, бортында 50-ден астам адам болды.

Шұғыл қону себебі - жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлауы. Оған жедел медициналық көмек көрсету керек болған.

Лайнер экипажы шұғыл түрде қонуға рұқсат сұрап, сағат 06.05 қонды. 60 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Диагнозы - «инфаркталды жағдай».

Бір сағаттан кейін ұшақ көкке көтеріліп, өз бағытын жалғастырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT