Ақтау маңында екі әйел жол апатынан қаза тапты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау маңындағы Баянды ауылының сыртында жан түршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz">lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Азамат Сәрсенбаев мәлімдеген.

Апат 8 желтоқсан күні 9:00 шамасында болған. Оқыс оқиға салдарынан екі әйел опат болды.

«Әйелдер оқиға орнында қаза тапқан. Екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Тағы үш адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Соңғы жаңалықтар