Ақтау маңын кезіп жүрген арыстанның иесі іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауда қаласының маңынан ұсталған арыстанның иесі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске сала кетсек бұған дейін полиция қызметкерлерінің Ақтау қаласының маңынан арыстан ұстап алғаны хабарланған болатын. 102 пультіне Ақшүкір кентінде емін-еркін жүрген арыстан туралы хабар келіп түскен. Аңды инспекторлар ұстап алды .
Осы оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет түсінік берді.
Оның айтуынша 25 маусымда, яғни бүгін сағат таңғы 05.30 шамасында жергілікті халықтан Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының маңында арыстанның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.
«Маңғыстау облысының Полиция департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің облыстық департаменті жабайы аңды ұстауға шықты. Мамандар арыстанды ұстады. Қазіргі уақытта арыстан «Қошқар Ата» елдімекенінде бақылауда», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.
Аңның жасы шамамен 1-1,5 жаста. Арыстан- аталық (еркегі ызақор деп аталады). Африкалық арыстанның бір түрі. Түріне қарағанда үй арыстаны. Адамдардан қорықпайды. «Арыстан СИТЕС конвенциясының (жоғалу қаупінде тұрған, жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы бойынша конвенциясы) тізіміне енгізілген.
«Оның иесін анықтап, құжаттар тексерілгеннен кейін арыстанның жайы ары қарай не болатыны шешіледі», - деп жазады Сәкен Ділдахмет.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
-
Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрына жаңа директор тағайындалды
-
Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам