Ақтау көшесінде 8 жасар қыздың ізінен аңдып жүріп тиіскен еркек ұсталды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының орталығында кішкентай қызға тиіскен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаның видеосы кеше бірқатар ақпарат құралдарында тараған болатын.

Онда беймәлім ер адамның 8 жасар оқушы қыздың соңынан аңдып жүріп, оның денесін ұстағаны түсіп қалған. Бұл жағдай 28 қыркүйек кешкі 17.30 шамасында болғаны айтылады.

Полицияның мәліметінше, бұл дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтап, ұстады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл іс бойынша толық және объективті тексеру жүргізіліп, содан кейін құқықтық баға беріледі. Қылмыстық іс тәжірибелі тергеушіге жүктелген», - деп мәлім етті Ақтау қалалық полиция басқармасы тергеу бөлімінің бастығы Мақсат Молдабаев.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.


Соңғы жаңалықтар