Ақтау конвенциясы Орта Азия елдерінің етене араласуына мүмкіндік береді - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылуы әлемдік қауымдастықтың негізгі көздеген нысаны болды. «Каспий бестігі» басшыларының кездесуі біздің дәуіріміздің маңызды геосаяси оқиғаларының бірі деп есептейді ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары Гүлзат Көбенова.

«Каспий маңы мемлекеттері басшыларының бұған дейінгі барлық саммиттері мен өтіп кеткен Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Арнайы жұмыс топтарының отырыстары барлық тараптардың түйісу нүктесін іздеуге шоғырланғанын көрсеткен еді. Сондықтан да келіссөздердің күрделілігіне қарамастан өзара қолайлы шешімдер консенсусына қол жеткізілді. Толықтай алғанда, конструктивті сұхбат ахуалы мен жоғары сенім деңгейін атап өткен жөн», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, нәтижесінде Конвенция Каспий өңірінде орын алып отырған мәселелерді шешу үшін құқықтық тұғырнама құратын бірегей құжатқа айналып отыр. Атап айтқанда, жағалау мемлекеттерінің зайырлы және бірегей құқықтарының шегіне қатысты мәселелер, теңізде жүзу режімі, Каспий теңізінен әлемдік мұхиттарға және кері бағытта барлық көлік құралдарының ену мүмкіншілігі, құбыр желісін төсеу мәселесі шешілді.

«Энергия ресурстарын өндіру мен тасымалдаудан бастап, экология мен қауіпсіздік салаларындағы келісімге дейінгі ынтымақтастықтың жаңа мүмкіншіліктері ашылады. Өңірлік деңгейде бұл тек қана Каспий маңы мемлекеттерін ғана емес, сонымен  бірге Орталық Азия елдерін жақындастыра түсуге септігін тигізеді. Ал жаһандық деңгейде әлемдік жетекші державалардың ұсыныстарын қоса алғанда Каспий маңы мемлекеттерінің даму ұлттық бағдарламаларын түйіндестіруге мүмкіндік береді», - деді Гүлзат Көбенова.

Сонымен қатар ол Каспий маңы мемлекеттерінің көмірсутектерді, өзінде шығарылатын  өнімдерді,  транзиттік тауларларды еуропалық және азиялық нарықтарға тасымалдаудағы ресурстық-көліктік әлеуетінің де кеңейе түсетіндігін баса айтты.

«Ақтау саммитінде өнеркәсіп, сауда, туризм және экономиканың басқа да салаларындағы экономикалық қарым-қатынастың халықаралық-құқықтық базасын қалыптастыратын мәселелерді қоса алғандағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылғандығын да атап өткен жөн», - деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар