+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ақтау кентін сумен жабдықтау жүйесі биыл аяқталады - Қарағанды

2020 жылғы 17 қыркүйек 01:51
Бөлісіңіз:
Ақтау кентін сумен жабдықтау жүйесі биыл аяқталады - Қарағанды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық ҚКХП партия комитетінің белсенділері Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы аумағында орналасқан Ақтау кентінде көшпелі отырыс өткізді. Коммунистермен кездесуге жергілікті атқарушы билік өкілдері мен кент тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

90-шы жылдарға дейін Ақтау кентіндегі негізгі кәсіпорын болып табылатын цемент зауыты, сондай-ақ шағылтас және шифер зауыты жұмыс істеді. Инфрақұрылым қаламен бірдей болды деуге де болады: үш жалпы білім беру және бір музыка мектебі, алты балабақша, техникалық мектеп, екі кинотеатр, аурухана, перзентхана және басқа да әлеуметтік нысандар жұмыс істеп тұрған. Зауыт жабылғаннан кейін тұрғындар көшіп, үйлер қаңырап қалды.

Ауылда қордаланған проблемалар көп, соның бірі ауызсу. «Ақ бұлақ» бағдарламасы да Ақтау кентін айналып өтті.

Сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Қарағанды облыстық комитетінің активі 2011 жылдан бастап облыс, Қарағанды, Теміртау және Ақтау әкімдіктеріне түрлі өтінішер жасаған.

«Жобалық-сметалық құжаттама үш жылға жуық дайындалды. Жергілікті атқарушы органдар елді мекенге су берудің соңғы мерзімі тамыз айына белгіленді деп уәде берді. Бірақ қыркүйектің ортасы болды, бірақ әлі де су жоқ. Дегенмен құбыр салынды. Алайда екі метр тереңдікте салынған пластикалық құбырлар топырақтың ауырлығына төтеп бере ме, жоқ па белгісіз», - дейді партияның автивистері.


Отыз жыл ішінде Ақтауда тоғыз әкім ауысты. Қазіргі уақытта бұл лауазымды Алтынбек Есмұрзаев атқарады. Ол қыркүйек айының соңына дейін сумен жабдықтау жүйесі іске қосылатынына сендірді. Кент тұрғындарын көшелерді жарықтандыру, қоқыс жинау, жеке үйлердің толып жатқан септиктерін тазалау, электр бағаналарын ауыстыру, әлсіз интернет мәселелері толғандырады.

Кент әкімі көтерілген барлық мәселелер міндетті түрде өз шешімін табатынына уәде берді. Көше жарығын қалпына келтіру және қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде. Кенттің инфрақұрылымын жақсарту бойынша басқа да шаралар біртіндеп жүзеге асырылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT