+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ақтау қаласындағы туристік аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы жасалуы тиіс - Тоқаев

2021 жылғы 22 қыркүйек 19:34
Бөлісіңіз:
Ақтау қаласындағы туристік аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы жасалуы тиіс - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласындағы туристік аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы жасалуға тиіс. Бұл туралы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қор нарығында доллар бағамы сәл төмендеді Биылғы 9 айда Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,4 пайыз болды - ҰБ 2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болжанып отыр - Ерғалиев

Президент еліміздегі ең үздік он туристік аймақтың қатарына қосылатын Маңғыстау облысының туристік әлеуеті зор екенін атап өтті. Мұның дәлелі ретінде осы жылдың бірінші жартысында туристер саны үш есе артқанын алға тартты. Дегенмен, Мемлекет басшысы курортты жерлердің туристік әлеуеті толық игерілмей отырғанын жеткізді.

«Каспий жағалауы сияқты дәстүрлі бағыттармен қатар, жақын келешекте Кендірлі курорт аймағы мен Баутин портының да мүмкіндігін тиімді пайдалану қажет. Ақтау қаласындағы туристік аумақта инженерлік және көлік инфрақұрылымы жасалуға тиіс. «Самұрық-Қазына» қоры биыл «Сарша» елді-мекені мен «Жылы жағажай» курорттық аймағына газ тарту жұмысын аяқтауы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев газбен қамтудың перспективалары туралы айта келіп, Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, үш жыл мерзімде «Бейнеу-Жаңаөзен» магистральді газ құбырының екінші бөлігінің құрылысын қамтамасыз етуді және Маңғыстау облысының газ тасымалдау жүйесін реконструкциялауды тапсырды. Бұл газ химия өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT