+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтау қаласындағы 464 шақырым жылу желісінің 72 проценті әбден тозған

2021 жылғы 18 қазан 13:54
Бөлісіңіз:
Ақтау қаласындағы 464 шақырым жылу желісінің 72 проценті әбден тозған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өңірдің өзекті мәселелері талқыланған кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада күрделі жөндеу жүргізілетін үйлер бойынша бағдарлама әзірленді Алматыдағы метро «Алтын Орда» базарына дейін созылатын болды Семейде 1100 орындық төрт балабақша салынады

Басқосуда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша мәселе қаралды. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаеваның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда облыста бірінші қажеттіліктегі тауар қоры 1500 тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта осы көрсеткішті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Басқа өңірлерден азық-түлік тасымалдау бұл мәселені түбегейлі шешпейді, сондықтан жергілікті өнім өндіруге басымдық берілу керек. Барлық деңгейдегі басшылар, әкімдер бұл жұмысқа жеке араласуы қажет», - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, жиында жылыту маусымында туындаған бірқатар мәселелер талқыланды. Бүгінде облыстағы 474 білім беру нысанына, 156 әлеуметтік сала ғимаратына, 105 денсаулық сақтау нысанына және 1712 тұрғын үйге жылу берілген.

Облыстың энергетика және тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Бердібек Қартбаевтың айтуынша, барлық коммуналдық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Алайда, облыс орталығының жылу желілерінде апаттық жағдайлар туындауда. Оған себеп, Ақтау қаласындағы 464 шақырым жылу желісінің 72% тозығы жеткен.

«Бұл жағдай жыл сайын қайталанып отыр. Мәселені кешенді шешу үшін қалалық желілерді жаңғырту бағдарламасын әзірлеу керек. Тұрғындарға сапалы және үздіксіз жылу беруді жыл сайын уәде етеміз, бірақ оны орындай алмаймыз. Осыдан халықтың сенімсіздігі туындайды. Мұндай кемшіліктерді Telegram чат каналынан көруге болады. Коммуналдық мекемелердің басшылары тұрғындардың шағымдарына жедел жауап беруі тиіс», - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға коммуналдық желілерді жаңғырту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, жиында өңірге қысқы жем-шөп сатып алуға бағытталған мемлекеттік қолдау қаражатын дұрыс бөлу мәселесі талқыланды. Бүгінде жем-шөп сатып алуға «Каспий» ӘКК АҚ-ы арқылы қаражатты жұмсалу әдісімен жергілікті бюджеттен 5,3 млрд. теңге қаражат қаралды. Өңір басшысы аудан әкімдеріне жем-шөпті бөлу процесін жеке бақылауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қаракөз Марат

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT