Ақтау қаласында туристік қонақүй салынуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында 500 орынға арналған туристік қонақүй кешенінің құрылысы жүруде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезекте Ақтау қаласының курортты аумағын дамыту белгіленді. Өздеріңіз білесіздер, 2018 жылғы тамызда Ақтау қаласында Каспий Саммиті өтті. Саммит барысында барлық мемлекет басшылары Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында туризмді дамыту үшін өңірдің əлеуеті жоғары екенін атап өтті», - дейді Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов.

Бұл бағытта Елбасының арнайы тапсырмасы берілген.

«Қазір Ақтау қаласында Түркиялық инвесторлардың қатысуымен құны 57 млрд.теңге болатын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде. Нысанның 1-кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылып, 600 жұмыс орны құрылады. Қажетті мамандар қазірден бастап арнайы оқытудан өтіп жатыр.

Туризмді толыққанды дамыту мақсатында жағажай аумағында жолдар құрылысы, су, газ жəне электрмен қамту жобалары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталды. Республикалық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді», - дейді облыс басшысы.

Соңғы жаңалықтар